Жұртты негізсіз қамап, азаптады деп айыпталған БАӘ генералы Интерпол президенті болып сайланды

Ұйымның бас хатшысы мұнда тұрған ештеңе жоқ дейді


26/11/2021
10:56 38444 0

Фото: dw.com

 

Біріккен Араб әмірлігінің ішкі істер министрлігінің бас инспекторы, генерал Ахмет Нәссер әл-Раис Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының (Интерпол) президенті боп сайланды

 

Құқық қорғаушылар мен кемі бес елдің саясаткерлері бұл кандитатураға қарсы шықты. Олар генерал өз елінде жұртты негізсіз қамап, азаптады дейді. 

 

The Daily Maíl-дің хабарлауынша, әл-Раис тыңшы деп айыпталған британиялық ғалым Мэттью Хежесті азаптауға қатысқан. БАӘ күш құрылымдары оның аяқ-қолын кісендеп, ұйқы бермеген, түрлі дәрі ішкізген. Бостандыққа шыққан ғалым әл-Раис пен әмірліктің үш шенеунігін сотқа беріп, 350 мың фунт стерлиң талап еткен. 

 

Интерполдың бас хатшысы бұл кандидатурада тұрған ештеңе жоқ дейді: 

 

— Бұл жай ғана айып, оны жақсы түсініп отырмыз. Бірақ кінәсіздік презумпциясы деген нәрсе бар. Интерполдың Бас ассамблеясы әл-Раисті президент қылып сайлаймыз деп шешім шығарды, — дейді Юрген Шток. 

 
Ұйымның жарғысына сай, негізгі билік президенттің емес, бас хатшының қолында болады. 
Поделиться

Нет комментариев.

26/11/2021 10:56
38444 0

Уведомление